"Наурыз" бағдарламасы бойынша 9 000 өтініш қабылданды | Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр. "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтініш жолдаған ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Наурыз" бағдарламасы бойынша 9 000 өтініш қабылданды

"Наурыз" бағдарламасы бойынша 9 000 өтініш қабылданды

13 мамыр 2024

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр. "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтініш жолдаған ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған бес қала мен өңір қатарына Ақтөбе мен Алматы облыстары кірді.

"Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Баспана маркет платформасы (otbasybank.kz) сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдауға қабілетті.

10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен.

Ал 2 436 өтінім қабылданбай, кері қайтарылды. Негізгі себеп – клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома жоқ болып шыққан. Бұл "Наурыз" бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ, тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады.

Тағы 5 008 өтінім жолдану процесінде. Яғни, мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру жүргізілуде және жүйе өтінімдерге ЭЦҚ көмегімен үміткерлердің қол қоюын күтуде.

- Сондай-ақ бүгін біз өте жақсы жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. 8 000 қазақстандық "Отау" бағдарламасына қатысатыны жайлы қуанышты хабарлама алды. Үміткерлерді біз ертерек саралап, бағдарламаға қатысуға өтініш берген барлық 25 000 банк клиенттерінің аттарын кесте түрінде сайтымызда жарияладық. Олардың ішінде жеткілікті ұпай жинап, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алған 8000 жеңімпаздың есімдері бар. Ең маңыздысы, біз бүкіл процесті ашық еттік, бұл Үкіметтің тапсырмасы болды. Осындай тәсілді біз "Наурыз" бағдарламасына да қолданамыз. Қазір "Отау" бағдарламасынан өтпегендер "Наурыз" бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады. Онда мүмкіндік көбірек болмақ, себебі біз 12000 заем беруді жоспарлап отырмыз, - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Үміткерлердің маусым айының соңына дейін бір жарым ай уақыты бар. Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейтін болады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін саралау басталады. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіретін болады.

Ұпайлар қалай есептеледі?

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

Егер екі қатысушының ұпайлар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі.

Саралаудан кейін клиенттер банк сайтында "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтініш берушілердің, атап айтқанда қатысушылар пулына енгендердің және ұпайлар бойынша өтпегендердің толық тізімін көре алады. Пулға кірген қатысушылардың несиеге өтінім беруге тағы екі ай уақыты болады.

Заем бойынша оң мақұлдау алған үміткердің баспана іздеуге 6 ай уақыты болады.

"Наурыз" бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна - 20%-данбастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9%(ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.

"Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

- алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;

- моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.

- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Сондай-ақ, бір несие аясында сатып алынып жатқан бастапқы баспананы жөндеу жұмыстарына да ақша алуға да болады. Бастысы жөндеуге арналған қарыз сомасы тұрғын үй сатып алуға арналған кредиттің жалпы сомасының 20%-нан аспауға тиіс, бірақ қарыздың ең жоғары сомасы шегінде.

Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет порталынан таңдап, брондай алады (otbasybank.kz). Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру