Мемлекеттік сыйлықақы қашан түседі? | Мемлекеттік сыйлықақы – тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қолдау шарасы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мемлекеттік сыйлықақы қашан түседі?

Мемлекеттік сыйлықақы қашан түседі?

14 қаңтар 2025

Мемлекеттік сыйлықақы – тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қолдау шарасы.

"Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" заңның 10 бабының 4 тармағы бойынша мемлекеттік сыйлықақысы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде салымшының шотына есептеледі.

Мемлекеттік сыйлықақы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде есептеледі. 2024 жылы 200 АЕК 738 400 теңгеге тең болды.

Егер 2024 жыл ішінде банктің клиенті бұл қаражатты өз депозитінде жинаса немесе оларды бір реттік төлеммен шотқа салса, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғарғы сыйлықақы – 147 680 теңге алады.

2024 жылғы мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін депозитті 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін толықтыру қажет болатын.

Мемлекеттік сыйлықақы Отбасы банкінде ашылған бір салымшының бір ғана салымына есептеледі. Егер бір салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекеттің сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.

Депозитте сыйлықақы белгісі бар-жоғын тексеріңіз. Оны Otbasy Bank Lite банкінің мобильді қосымшасында жасауға болады.

Мемлекеттік сыйлықақы бұрын сыйлықақымен көтермеленбеген сомаға ғана есептеледі. Яғни, жыл сайын жаңа жинақтар мен өткен жылы көтермеленбеген жинақтардың қалдығы ескеріледі.

Мысалы, 2024 жылы банк клиенті депозитті 800 000 теңгеге толықтырды. Оның ішінде мемлекеттік сыйлықақы 738 400 теңге мөлшеріндегі сомаға көтермеленетін болады (бұл 2024 жылғы 200 АЕК). Қалған - 61 600 теңге мөлшеріндегі сома және 2025 жылы депозитке жинақталған жаңа жинақтар 2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылы) мемлекеттік сыйлықақымен көтермеленетін болады.

Қандай жағдайларда мемлекеттік сыйлықақы төленбейді немесе бюджетке қайтарылады?

- егер салымшы тұрғын үй заемын алса немесе оған ауысса, онда мемлекеттік сыйлықақы есептелмейді.

Маңызды! Егер банк клиенті 2024 жылы тұрғын үй заемына ауысса, онда өткен жыл үшін аталған депозитке мемлекеттік сыйлықақы есептелмейді.

- егер салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарын үш жылдан аз уақыт жинаса және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартты мерзімінен бұрын бұзса, онда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады;

- егер салымшы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаға депозитін тағайындаса, онда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады;

- егер банк клиенті жинақтау мерзімі үш жылдан кем депозитімен банктен кредит алып, осы қарыз берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде одан бас тартуға шешім қабылдаса, онда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру