Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады | Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

23 желтоқсан 2025

Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды.

Рустам Қарағойшиннің айтуынша, биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткен. Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелері таныстырылды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, Президентке инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімет берілді. Бұл «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Президент «Бәйтерек» холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру