Павлодар қаласындағы ERG кәсіпорындарының қызметкерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды | Жаңа жыл қарсаңында және Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы ретінде Павлодар қаласында маңызды оқиға болды – ERG кәсіпорындарының 130-дан астам қызметкері қаланың Усолка шағын ауданындағы заманауи жаңа тұрғын үйден пәтер кілттерін алды.
Павлодар қаласындағы ERG кәсіпорындарының қызметкерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды

Павлодар қаласындағы ERG кәсіпорындарының қызметкерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды

30 желтоқсан 2025

Жаңа жыл қарсаңында және Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы ретінде Павлодар қаласында маңызды оқиға болды – ERG кәсіпорындарының 130-дан астам қызметкері қаланың Усолка шағын ауданындағы заманауи жаңа тұрғын үйден пәтер кілттерін алды. Бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған компанияның корпоративтік әлеуметтік бағдарламасындағы маңызды кезең болды.

Ткачев көшесі, 18/1 мекен-жайындағы тоғыз қабатты үйден пәтер кілттерін табыстау рәсімі Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановтың, «Қазақстан алюминийі» АҚ және Павлодар алюминий зауыты басшылығының қатысуымен өтті, сондай-ақ «Отбасы Банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Талғат Баилов.

– Тұрғын үй бағдарламасы «Қазақстан алюминийі» АҚ-да 2006 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Тек Павлодар қаласының өзінде 2009 жылдан бастап компания 30 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салды, – деді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Юрий Педченко.

– Бүгінгі оқиға – екі есе қуанышты. Ткачев көшесі, 18/1 мекенжайындағы жаңа үйден пәтер кілттерін алу – «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері үшін тек көптен күткен баспана ғана емес, сонымен қатар Жаңа жылға тамаша сыйлық. Сонымен қатар бұл үйден пәтерлерге «ERG Service» ЖШС Павлодар машина жасау зауытының, «Евразия» медицина орталығының, «Сервис» ЖШС, «ERG Сервис орталығы» ЖШС және «BTS» ЖШС қызметкерлері де ие болды.

Пәтерлерді жеңілдетілген шарттармен сату «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, кейін сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Алғашқы 8 жыл бойы еуразиялықтар өз пәтерлерінде тұрып, тек аз ғана жалдау ақысын және коммуналдық төлемдерді ғана төлейді. Осы кезеңде олар «Отбасы банкінде» ашылған депозиттерінде тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтайды.

Бұл талап орындалғаннан кейін банк қалған соманы жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй қарызы ретінде береді (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 3,6%-дан 6,9%-ға дейін).

- Отбасы банк пен ERG арасындағы серіктестік – жұмыс беруші мен банктің бірігіп, адамдардың ең маңызды мәселелерінің бірі – өз баспанасына қол жеткізуіне көмектесетінінің нақты үлгісі. Жалдамалы-жинақтау тетігі қызметкерлерге бүгіннің өзінде өз пәтерінде тұруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл тұрғын үйге қол жеткізу жолын жеңілдетіп, отбасыға түсетін қаржылық жүктемені азайтады. Өйткені бақытты және әлеуметтік тұрғыда қорғалған қызметкерлер – кез келген кәсіпорынның тұрақты дамуының негізі. Сондықтан «Отбасы банк» «Корпоративтік» өнімі және жалдамалы-жинақтау тетігі сияқты корпоративтік қолдау құралдарын дамытып келеді. Осы шешімдердің арқасында еліміз бойынша 560-тан астам зауыт, фабрика және кәсіпорын қызметкерлері жұмыс берушілері мен «Отбасы банкінің» қолдауымен жаңа баспанаға қол жеткізді, – деп атап өтті Павлодар облыстық филиалының директоры Талғат Баилов.

Павлодар алюминий зауытының директоры Айтуған Ахметовтың айтуынша, еуразиялықтарға арналған бұл үй барлық заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді:

– Пәтерлер таза әрленген, заманауи бағытта жөндеу жұмыстары жүргізілген, барлық инженерлік коммуникациялармен жабдықталған, ыңғайлы заманауи лифтілер орнатылған, линолеум төселген, төбесі керме төбе түрінде жасалған. Қауіпсіздік мақсатында бөлмелерге өрт дабылы жүйесі орнатылған. Үй шын мәнінде сапалы: жарық, жылу оқшаулауы жақсы, қыста жылы, жазда салқын болады.

Болашақ жаңа қоныс иелері кілттерін алып, жаңа пәтерлерін көріп шығуға барғанда, бұл үйдің барлық талаптарға сай екеніне көз жеткізді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру