Көптеген қазақстандықтар үшін алғашқы пәтер немесе үй сатып алу – өмірдегі ең маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. Бұл арманға қол жеткізуге азаматтарға Отбасы банк (Бәйтерек холдингіне қарасты) көмектеседі. Жыл басынан бері банктің әрбір үшінші салымшысы алғаш рет өз баспанасын сатып алып, жаңа қоныс иесіне айналды.
Қазақстандықтар тиімді жинақ жүргізіп, қолжетімді несие алуға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі және оның негізінде іске қосылған бағдарламалар арқасында жетті. Бұл бағдарламалар әртүрлі халық топтарына бағытталған – жас мамандардан бастап, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға дейін. Олар жинақтау мерзімін қысқартып, тиімді шарттармен жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді.
Биылдан бері алғашқы баспанасын сатып алған қазақстандықтар саны мынадай:
-Биылдан бері Отбасы банкінің қолдауымен 60 мың қазақстандық отбасы өз баспанасына ие болды. Олар жалпы 1,250 трлн теңге несие алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үйге қоныс аударғандар саны 15%-ға, берілген несиелер көлемі 37%-ға өскен. Біздің үшін ерекше маңыздысы – биыл әрбір үшінші Отбасы банк клиенті алғаш рет өз пәтерінің есігін ашты. Бұл дегеніміз банк шынымен де адамдарға өміріндегі ең басты мәселелердің бірі – өз үйін сатып алу мәселесін шешуге көмектесіп отырғанын көрсетеді, – деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Қазіргі таңда Отбасы банкінде 3 195 535 қазақстандық өз баспанасына жинақ жасауда. Күн сайын шамамен 2 500 жаңа депозит ашылып, 200-дей несие берілуде. Банк қолдауымен биылдың соңына дейін тағы 7 000–10 000 қазақстандық алғашқы баспанасын сатып ала алады деп күтілуде.
2025 жылғы ЖСС жүйесінің негізгі көрсеткіштері:
Қазіргі таңда Отбасы банк Әскери баспана бағдарламасының жаңа шарттарын Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволармен талқылап жатыр. Бағдарламаға әскери қызметкерлер, Қауіпсіздік қызметі, ІІМ, ТЖК, мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және тағы басқа қызметкерлер қатыса алады.
Отбасы банк «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталатыны және «Наурыз» бағдарламасына қосымша қабылдау туралы қосымша хабарлайды.
Түсініктеме: әртүрлі бағдарламалар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) несиелін алушы категориясына және кредиттік шарттарға байланысты 2%-дан 13%-ға дейін өзгереді. Жас ғалымдар бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 5,2%–5,5%;Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін ЖТСМ – 2,0%–2,1% және 5,2%–5,8%; «Наурыз» бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 7,1%–9,6% және 9,4%–13%.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!