Қазақстандықтар «Наурыз» бағдарламасының инвесторлары бола алады: Отбасы банк облигацияларды KASE алаңында орналастыру күнін жариялады | 2026 жылғы 12 наурызда KASE алаңында Отбасы банкінің әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді. Оның қорытындысы бойынша банк «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларды несиелендіру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстандықтар «Наурыз» бағдарламасының инвесторлары бола алады: Отбасы банк облигацияларды KASE алаңында орналастыру күнін жариялады

Қазақстандықтар «Наурыз» бағдарламасының инвесторлары бола алады: Отбасы банк облигацияларды KASE алаңында орналастыру күнін жариялады

4 наурыз 2026

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Наурыз» бағдарламасының инвесторы атанудың жолдарын түсіндірді.

2026 жылғы 12 наурызда KASE алаңында Отбасы банкінің әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді. Оның қорытындысы бойынша банк «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларды несиелендіру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.

Бір облигацияның номиналдық құны 1000 теңге болады. Бағалы қағаздарды орналастыру жоспарланып отырған мөлшерлеме шамамен жылдық 17,5%-ды құрайды.

Облигациялардың айналым мерзімі – 5 жыл. Купондық төлемдер жылына 2 рет жүзеге асырылады. Бұл инвесторлар өз салымдары бойынша пайыздық табысты жылына екі рет алады дегенді білдіреді.

Мысалы, сауда қорытындысы бойынша облигацияның мөлшерлемесі 17,5% деңгейінде қалыптасса, инвестор әр 6 ай сайын салынған соманың 8,75%-ын алып отырады.

Бұл азаматтар үшін қолайлы: табыс тұрақты түрде және қысқа мерзім аралығында түсіп тұрады.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлға инвесторлар үшін банк облигацияларын сатып алудың басты артықшылықтарының бірі – облигациялар бойынша сыйақы алған кезде салық салынбайды. Яғни, алынған табысқа салық төлеудің қажеті жоқ.

Бұл Отбасы банк Қазақстан Республикасының қаржы агенттіктері тізбесіне енгізілгеніне, сондай-ақ облигациялардың KASE-нің ресми тізіміне енгізілуіне байланысты.

– Азаматтарымыз үшін жақсы жаңалықты қуана хабарлаймыз. 10 наурыздан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаевтың тапсырмасымен іске қосылған бұл бағдарламаны біз үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырып келеміз. Соның нәтижесінде 15 000 қазақстандық қоныс тойын тойлады. Оларға қолжетімді несие беру үшін біз 500 млрд теңге тарттық. Биылдан бастап азаматтарымыз бағдарламаға қатысып қана қоймай, оның инвесторы да бола алады. Біз ішкі үдерістерді жетілдірдік, енді заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалар да облигациялар пакетін сатып ала алады. Бұл қарапайым қазақстандықтарға өз қаражатын сақтап қана қоймай, көбейтуге, сондай-ақ ерекше мұқтаж жандарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді маңызды әлеуметтік міндетті шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ләззат Ибрагимова, Отбасы банк басқарма төрайымы.

Отбасы банк облигацияларын жеке тұлғалар бокерлік компаниялар және олардың мобильді қосымшалары арқылы сатып ала алады: Alatau City Invest, bcc.kz, Halyk Finance*.

Ол үшін аталған брокерлердің мобильді қосымшаларында (егер жоқ болса) шот ашып, сатып алу үшін шотты толықтырып, Отбасы банк облигацияларын сатып алуға өтінім беру қажет. Әдетте бұл 2026 жылғы 12 наурызға дейін алдын ала жүзеге асырылады. Өтінім берудің нақты соңғы күнін брокерден нақтылаған жөн.

Заңды тұлғалар да өз брокерлерінің қызметтерін пайдалану арқылы облигацияларды сатып ала алады.

Неліктен Отбасы банк облигациялары – сенімді әрі тиімді инвестиция?

- Елдегі ең ірі қаржы институттарының бірі, жалғыз акционері – Национальный инвестиционный Холдинг «Байтерек»;

- 2025 жылдың басынан бері банк активтері 21,5%-ға, несие портфелі 15,8%-ға, депозиттік портфель 22,2%-ға өсті;

- Fitch Ratings агенттігінен елдік деңгейдегі (BBB) және Moody’s Investors Service агенттігінен Baa1 деңгейіндегі жоғары рейтингтерге ие;

- Екінші деңгейлі банктер арасында активтер көлемі бойынша 4-орында, меншікті капитал көлемі бойынша 5-орында және ұзақ мерзімді депозиттер көлемі бойынша 2-орында;

- Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ҚР Ұлттық Банкінің нормативтерінен бірнеше есе жоғары. Отбасы банктің негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті – 0,366. Ал ҚР Ұлттық Банкінің талабы – 0,06. Капитал жеткіліктілігі – банктің қаржылық тұрақтылығы мен беріктік қорының көрсеткіші. Оның жоғары болуы салымшылар мен облигация ұстаушылар үшін тәуекелдің ең төмен деңгейін білдіреді;

- Елдегі ипотеканың 52%-ы осы банкке тиесілі;

- Банк облигациялары әлеуметтік мәртебеге ие, бұл оларды ESG қағидаттары және қоғам алдындағы жауапкершілік тұрғысынан тартымды етеді.

*Қалайша Отбасы банк облигацияларын сатып алуға болады?

Облигацияларды Alatau City Invest, bcc.kz немесе Halyk Finance қосымшалары арқылы толық онлайн сатып алуға болады. Әр алаңдағы рәсімдеу алгоритмі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бағалы қағаздарды сатып алудың жалпы тәртібі ұқсас.

1-қадам. Қосымшаны жүктеп, орнатыңыз.

2-қадам. Брокерлік шот ашыңыз. Ол үшін, әдетте, «Инвестициялар» бөліміне өтіп, «Брокерлік шот ашу» опциясын таңдау қажет. Шоттың белсендірілуін күтіңіз. Әдетте ашу уақыты бірнеше минуттан 1 жұмыс күніне дейін созылады (кей жағдайларда 3 күнге дейін).

3-қадам. Брокерлік шотыңызды толықтырыңыз. Қаражатты картадан, банктегі ағымдағы шоттан немесе қосымша ішіндегі ішкі аударым арқылы аударуға болады. Қаражат түскеннен кейін сатып алуға кірісуге болады.

4-қадам. Қосымшада Отбасы банк облигацияларын тауып, шығарылым параметрлерімен қайта танысыңыз: кірістілік, айналым мерзімі, сыйақы төлеу кезеңділігі.

5-қадам. Сатып алуға өтінім беріңіз. Сұрақтар туындаған жағдайда таңдаған қосымшаның қолдау қызметі чатына жүгінуге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру