KASE Отбасы банкін ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы деп таныды | Бүгін Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстан қор биржасы – KASE тарапынан ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде марапатқа ие болды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
KASE Отбасы банкін ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы деп таныды

KASE Отбасы банкін ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы деп таныды

13 наурыз 2026

Бүгін Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстан қор биржасы – KASE тарапынан ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде марапатқа ие болды.

Сонымен қатар, KASE Отбасы банкінің жылдық есебін қаржы секторындағы ең үздік есеп деп таныды.

Қазақстан қор биржасы Отбасы банкінің жетістіктерін екінші жыл қатарынан атап өтіп отыр. Бұл банктің ашықтығы мен тұрақтылығын, әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды дамытуын және инвесторлар тарапынан сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

2024 және 2025 жылдары банк 491 млрд теңгеден астам қаражат тартты. Дәл осы қаражат 19 259 қазақстандық отбасының тұрғын үй мәселесін шешудің нақты құралына айналды.

Олардың барлығы қолжетімді несие мен төмендетілген бастапқы жарна арқылы алғашқы баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылар сатып алған тұрғын үйдің орташа құны 28 млн теңгені құрады.

2025 жылы 9 208 қазақстандық қоныс тойын атап өтті.
Олардың 3 082-сі – жұмысшы мамандықтарының өкілдері.

Осы санаттағы азаматтар үшін өткен жылы алғаш рет «Наурыз жұмыскер» арнайы бағыты іске қосылды.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың орташа жасы – 35 жас. Бұл «Наурыз» бағдарламасы жас қазақстандықтарды қолдаудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді. Өйткені көптеген жас отбасы үшін дәл қазір тұрақты өмір жағдайын қалыптастыру маңызды.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасына көп жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар да қатысты.

Отбасы банк оларға төмендетілген мөлшерлемемен – жылдық 7%* несие алу мүмкіндігін ұсынды, ал бағдарлама аясында басқа қазақстандықтар үшін несие мөлшерлемесі жылдық 9%** болып белгіленген.

«Наурыз» бағдарламасының арқасында қазір өз баспанасына ие болғандар арасында: I және II топтағы 53 мүгедектігі бар азамат, 576 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 67 отбасы, «жетім балалар» санаты бойынша кезекте тұрған 20 қазақстандық, сондай-ақ 615 толық емес отбасы бар.

-Жақында Қазақстан қор биржасында (KASE) Отбасы банкінің әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттық өтті. Оның нәтижесінде «Наурыз 2026» бағдарламасының қатысушыларын несиелеу үшін 100 млрд теңге тартылды. Сауда-саттық нәтижесі халықтың қаржылық сауаттылығының артқанын және банкке деген сенімнің жоғары екенін көрсетті. Саудаға қатысуға 1100-ден астам адам өтінім беріп, 5 жылдық тұрақты табыстылығы бар құралды сатып алды. Купондық сыйақы жарты жыл сайын төленетіндіктен, облигациялар бойынша тиімді кірістілік номиналдық мөлшерлемеден жоғары болады. Біздің инвесторларымыз іс жүзінде «Наурыз» бағдарламасының қатысушыларына айналып, азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсетті», – деді Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қазір банкте «Наурыз 2026» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау белсенді жүріп жатыр. Алғашқы үш күннің ішінде 8 352 өтінім қабылданды.

Бағдарламаға өтінім беру өте оңай. Ол үшін банк бөлімшесіне бару, құжат жинау немесе сыртқы кеңесшілердің көмегіне жүгіну қажет емес.

Бар болғаны екі қадамды орындау керек:

Бірінші қадам – талаптарға сәйкестікті тексеру. «Наурыз» бағдарламасына өтінім беру үшін:

– салымшының Отбасы банкіндегі депозитінде кемінде 2 млн теңге болуы керек;

– салымшының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс. Отбасы мүшелері – ерлі-зайыптылар және олардың кәмелетке толмаған балалары.

Екінші қадамotbasybank.kz порталына кіріп, жеке кабинетте «Наурыз бағдарламасына өтінім беру» батырмасын басу.

*ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін
** ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру