Көлікжай, қойма мен гараждардың болуы "Отау"бағдарламасына қатысуға кедергі болмайды | Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты "Отау" бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады. Өз клиенттерінің өтініштерін ескере отырып, Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тексеру бағытын қайта құрып, оны егжей-тегжейіне жете қарайтындай етіп жасады. Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы туралы тармақ жүйемен автоматты түрде тексеріліп келді. Бұл мемлекеттік дерекқорлармен бірігу арқасында мүмкін болды. Бірақ бұл жағдайда олардан жылжымайтын мүліктің болуы туралы тек оң немесе теріс жауап қана келді. "Тұрғын үй" немесе "тұрғын үйге жатпайтын" жылжымайтын мүлік түрлері бойынша ақпарат жеке-жеке бөлінбеді. Сондықтан, көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың "Отау" бағдарламасына қатысу туралы өтінімдері қабылданбай кері қайтарылды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Көлікжай, қойма мен гараждардың болуы "Отау"бағдарламасына қатысуға кедергі болмайды

Көлікжай, қойма мен гараждардың болуы "Отау"бағдарламасына қатысуға кедергі болмайды

19 сәуір 2024

Баспасөз мәлімдемесі


Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты "Отау" бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады. Өз клиенттерінің өтініштерін ескере отырып, Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тексеру бағытын қайта құрып, оны егжей-тегжейіне жете қарайтындай етіп жасады.

Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы туралы тармақ жүйемен автоматты түрде тексеріліп келді. Бұл мемлекеттік дерекқорлармен бірігу арқасында мүмкін болды. Бірақ бұл жағдайда олардан жылжымайтын мүліктің болуы туралы тек оң немесе теріс жауап қана келді. "Тұрғын үй" немесе "тұрғын үйге жатпайтын" жылжымайтын мүлік түрлері бойынша ақпарат жеке-жеке бөлінбеді. Сондықтан, көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың "Отау" бағдарламасына қатысу туралы өтінімдері қабылданбай кері қайтарылды.

Енді олардың қайта өтінім жолдау мүмкіндігі бар.

- Бізге мысалы шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз хабарласты. Олардан бөлек көлікжайы немесе тұрғын емес қосалқы үй-жайы бар клиенттеріміз бар. Әрине, бұл фактілер адамдарға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтініштерін мұқият қарап, "Отау" бағдарламасы бойынша қабылданбаған өтініштерге талдау жасадық және қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім шығардық. Қазақстандықтардың жылжымайтын мүліктері туралы деректерді объективті түрде тексеру үшін автоматты тексеруге мамандарымыздың қолымен жасалатын тексерісті және қостық. Сондықтан меншігінде тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі бар біздің салымшылар "Отау" бағдарламасына қайта өтініш жолдай алады. Мұны 22 сәуірден 30 сәуірге дейін Баспана маркет порталында жасауға болады, - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.

Бүгінгі таңда Отбасы банк 18 729 өтінім қабылдады. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі банк салымшыларынан 68% немесе 12 687 өтінім қабылданды.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралап, оны порталда жариялайтын болады. Содан кейін үміткерлерге несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні берілетін болады. Клиентке несие беру мақұлдауса, баспана табуына тағы 6 ай уақыт беріледі.

Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы Баспана маркет порталында алғашқы нарықтағы тұрғын үйлерді таңдай алады (otbasybank.kz).

 

"Отау" бағдарламасының заем шарттары:

- алғашқы жарна - 20% бастап;

- кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,2%-дан 11,8%-ға дейін);

- несие мерзімі - 19 жылға дейін.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру