ERG металлургтері, кеншілері мен жөндеу қызметі мамандары арасына 100 отбасы жеңілдетілген шартпен Отбасы банкі арқылы баспаналы болады | Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ССКӨБ» АҚ, «Қашар кені» АҚ мен «ERG Service» ЖШС қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жеңілдетілген шартпен жақсарта алады. Бағдарламаға қатысушыларға Отбасы банк жылдық 5% үстемемен (ЖТСМ 5,2% бастап 5,3% дейін) займ береді. Әрі мұндағы міндетті бастапқы жарна мөлшері – небары 10%.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ERG металлургтері, кеншілері мен жөндеу қызметі мамандары арасына 100 отбасы жеңілдетілген шартпен Отбасы банкі арқылы баспаналы болады

ERG металлургтері, кеншілері мен жөндеу қызметі мамандары арасына 100 отбасы жеңілдетілген шартпен Отбасы банкі арқылы баспаналы болады

31 мамыр 2024

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ССКӨБ» АҚ, «Қашар кені» АҚ мен «ERG Service» ЖШС қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жеңілдетілген шартпен жақсарта алады. Бағдарламаға қатысушыларға Отбасы банк жылдық 5% үстемемен (ЖТСМ 5,2% бастап 5,3% дейін) займ береді. Әрі мұндағы міндетті бастапқы жарна мөлшері – небары 10%.

Өзара түсіністік пен әріптестік туралы Меморандумға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Отбасы банкі басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен Еуразиялық Топ (ERG) бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаевтар қол қойды.

Келісім шартқа қол қойған әр тарап бағдарламаны іске асыруға 500 млн теңге бағыттайды. Нәтижесінде жұмсалатын жалпы қаражат мөлшері – 1,5 млрд теңге. Бұл 100 отбасының баспаналы болуына сеп.

Әрі мұнда еуразиялықтар арасынан әкімдіктегі баспана кезегінде тұрғандарға басымдық беріледі. Қызметкерлер Рудный қаласыннан екінші нарықтан баспана ала алады.

Баспаналы болуға үміттілердің тізімін компанияның Тұрғын үй комиссиясы түзеді. Бағдарламаға соңғы 5 жыл өзінің және отбасы мүшелерінің атында ҚР аумағында баспанасы болмаған, үйге мұқтаж қызметкерлер қатыса алады.

Іріктеуден өткендер міндетті 10 пайыздық бастапқы жарнаны салған соң, Отбасы банкі оларға 5% үстемемен (ЖТСМ 5,2% бастап 5,3% дейін) займ береді. Займның максималды көлемі – 20 млн теңге. Алайда, бағдарламаға қатысушы одан да қымбат пәтер алғысы келсе, қалғанын жеке қаражаты немесе зейнетақы жарнасынан артылған салымын пайдала алады.

– Отбасы банкімен арадағы ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестігіміз нәтиже берді. Біз бірлесіп, күнделікті қажырлы еңбегімен Қазақстан экономикасын нығайтып жүрген қызметкерлерімізді бақытты етуге талпынамыз. ERG әрдайым әлеуметтік бағдарланған компания болатын әлі де осы бағытынан жаңылмайды. Экономикадағы аумалы-төкпелі шаққа қарамастан, теңдессіз бағдарламамызды іске асыруды жалғастырып, еуразиялықтардың негізгі қажеттіліктерінің бірін өтеуге септесе береміз,- деді ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Соңғы 11 жылда Тұрғын үй бағдарламасымен ERG қызметкерлерінің 4 мың 634 отбасы баспаналы болды. Биыл тағы 440 отбасы үйлі болмақ. Отбасы банкімен бірлесіп қолға алған бұл теңдессіз бағдарлама қызметкерлердің бастапқы жарнасыз, тиімді үстемемен үйлі болуына жол ашты.

– Бақытты, көңілі жайлы қызметкерлер – кез келген кәсіпорынның ең құнды ресурсы. Қызметкерлерді тек еңбекақы ғана емес әлеуметтік жеңілдіктер, кәсіби өрлеу мен өсу мүмкіндіктері, жұмыс күнінен соң қуана қайтатын өз үй – өлең төсегі де ынталандырады. Бізді еңбек адамдарының Отбасы банктің көмегімен баспана мәселесін тиімді шеше алатыны қуантады. Корпоративтік өнімнің арқасында еліміздің әр қиырындағы шахтерлер, металлургтер, энергетиктер, құрылысшылар, оқытушылар мен дәрігерлер жалпы саны 1 мың отбасы баспаналы болды. Енді көп өтпей Қостанай облысында да қоныс тойы тойланады,- деді Отбасы банкі басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру