Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін, Отбасы банк бірден екі бағдарламаны іске қосады | «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап тұрғын үй төлемдерін алушылардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды. Бұлар – Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және басқа да мекемелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілер.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін, Отбасы банк бірден екі бағдарламаны іске қосады

Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін, Отбасы банк бірден екі бағдарламаны іске қосады

12 қараша 2025

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап тұрғын үй төлемдерін алушылардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды. Бұлар – Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және басқа да мекемелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілер.

Банк бөлімшелеріне өз бетіңізше барудың қажеті жоқ. Несие беру ведомстволар (министрліктер) жасайтын тізімдер бойынша жүргізіледі. Банк мекемелерге арнайы хаттар жіберді. Тізімдер дайын болғаннан кейін ғана тұрғын үй төлемін алушылар банкке барады. Онда менеджер қызметкердің аты-жөні тізімде бар-жоғын тексеріп, содан кейін несие өтінімін қабылдайды.

Жаңа тұрғын үй сатып алғысы келгендер «Наурыз Әскери» атты жаңа бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 9%*. Тіпті бастапқы жарнасыз да қатысуға болады. Егер бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болса, онда несие сомасының ең жоғары мөлшері Алматы мен Астана қалалары үшін – 36 миллион теңге, ал басқа өңірлер үшін – 30 миллион теңге болады.

Егер бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болса, банк ең жоғары несие сомасын 80 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйді тек жаңа үйден алуға болады.

«Наурыз Әскери» – бұл «Наурыз» бағдарламасының тағы бір бағыты. Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат әлеуметтік облигациялар шығару арқылы, яғни нарықтық жағдайларда тартылады. Сондықтан бағдарлама қатысушылары үшін несие мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды. Бұл шара азаматтарға несиені қолжетімді пайызбен алуға мүмкіндік береді.

«Наурыз Әскери» бағыты бойынша жаңа тұрғын үйді Baspana Market (otbasybank.kz) порталында таңдап, брондап және сатып алуға болады.

Егер тұрғын үй төлемін алушылар дайын (екіншілік) тұрғын үй сатып алғысы келсе, олар «Әскери баспана» бағдарламасын пайдалана алады. Бұл бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 18%**. Бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болуы керек. Қатысушы ең көбі 50 миллион теңгеге дейін несие ала алады.
Бағдарламаға қатысушы өзіне ұнаған тұрғын үйді өзі таңдайды.

Отбасы банкінің тұрғын үй төлемін алушыларды қолдау нәтижелері:
Отбасы банк тұрғын үй төлемдерін алатын 44 103 адамның баспаналы болуына көмектесті. Бұл мақсатқа жалпы 870,5 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде әскери бағдарламалар аясында 18 мың несие, жалпы сомасы 428 миллиард теңгеге берілді.

*(ЖТСМ 9,47% ден 10,4%)

**(ЖТСМ 23,6% ден 24,3%)

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру