Баспасөз хабарламасы-2024-07-15 | "Отбасы банк" АҚ командасы «Тіл – тағылым» сайысының жеңімпазы атанды Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен елордада «ТІЛ – ТАҒЫЛЫМ» интеллектуалды сайысы өтті.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Баспасөз хабарламасы-2024-07-15

15 шілде 2024

"Отбасы банк" АҚ командасы «Тіл – тағылым» сайысының жеңімпазы атанды Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен елордада «ТІЛ – ТАҒЫЛЫМ» интеллектуалды сайысы өтті.

"Бәйтерек" холдингі "Тіл – тағылым" интеллектуалды байқауына қатысты. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының қолдауымен "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

«Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысының мақсаты – мемлекеттік тілді, ел тарихын, салт-дәстүрімізді, ғылым мен өнерді және әдеби мұраларды насихаттау. Ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, мамандардың интелектуалдық ой-өрісін дамытатын, зияткерлік ортаның қалыптасуына зор үлес қосатын шара жоғары деңгейде өтті.

Сайыста «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының мамандарынан құралған 8 команда сынға түсіп, бақ сынады. Олардың қатарында: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы Банк» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлер құрамалары қатысты.

Сайыс шарты бойынша қатысушылардың жас ерекшелігі мен лауазымына шектеу қойылған жоқ.
Интеллектуалды сайыс 5 кезеңді қамтыды:
І. «ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА» КІРІСПЕ ТУРЫ
ІІ. «СӨЗЖҰМБАҚ» ҚИСЫН ТУРЫ
ІІІ. «ҚАРА, ТЫҢДА, ОЙЛАН» МЕДИА ТУРЫ
ІV. «БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫПТЫҚ ТУРЫ
V. «АҚТЫҚ МӘРЕ» СОҢҒЫ ТУРЫ

Әр кезеңде қатысушы командалар мемлекеттік тіл, тарих, салт-дәстүр, Алаш арыстары, әдебиет және мәдениет сынды тақырыптар төңірегіндегі логикаға, медиа форматтағы: аудио, видео материалдарға негізделген сұрақтарға жауап берді. Команда нәтижелері автоматты түрде есептеліп, қорытындысы шығарылды.

Қызу тартыстың нәтижесінде «Отбасы Банк» АҚ-ның құрама командасы жеңімпаз атанса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мамандарынан құралған команда – 2 орынды, ал «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері – 3 орынды иеленді. Интеллектуалды сайыстың жеңімпаздары мен барлық қатысушылары «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру