Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

2 мая 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми, әлеуметтік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша үміткер жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт.

- Екінші жыл қатар Қарағанды ​​облысының әкімдігі Отбасы банкімен біріге жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасы іске асырып келеді. Облыс әкімдігі осылайша жас мамандарға қолдау көрсетуді жөн көрген. Былтырғы жылы жобаны жүзеге асыруға жергілікті әкімдік 1 млрд теңге, ал Отбасы банк 500 млн теңге бөлген болатын. Аталмыш бағдарлама көмегімен 100-ге жуық адам баспаналы болды. Биылғы жылы да қаржыландыру сол тәртіппен жүзеге асады, жаңа қоныс иелерін асыға күтетін боламыз, – дейді «Отбасы банк» АҚ Қарағанды ​​облыстық филиалының директоры Бауыржан Жуаспай.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер мамыр айының 2-12 аралығында жалғасады. Үміткерлер Назарбаев даңғылы, 39а, «Open Qarağandy» (қалалық әкімдік ғимараты) кеңсесіне жолығулары қажет. Жұмыс уақыты 9:00-ден 18:00 дейін, түскі асқа үзіліс 13:00-ден 14:30 дейін.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, мемлекеттік және қоғамдық өкілдер мен депутаттардан құралған комиссия мүшелері қатысушыларды іріктеп, тізімді Отбасы банкіне жолдайды. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан бірінші немесе екінші нарықтағы нысандардан таңдап алуға болады.

Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 20 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 10%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.

Бүгінде Қарағанды ​​облысының әрбір оныншы тұрғыны баспана алу мақсатымен Отбасы банкінде депозит жинап жатыр. Өңірде жастарға арналған жаңа бағдарламамен қатар Отбасы банкінің жеке бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істейді. Биыл облыста кеншілер мен металл өңдеушілерді жеңілдетілген несиелендіру жобасы да жалғасын табады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру