Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы қайта басталады | Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй бағдарламасын іске қосады. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы қайта басталады

Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы қайта басталады

1 қазан 2024

Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй бағдарламасын іске қосады. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

«Алатау жастары» бағдарламасының шарттары бойынша қатысушылардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет.

Сондай-ақ, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүліктері болмауы тиіс.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 1-15 қазан аралығында қабылданады. Үміткерлер Қонаев қаласы, 1 ш/а, №41, «Бәйтерек» БО, 1 қабат, акт залы мекенжайы бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына өтініш берулері қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша бағдарламаға қатысушыларды іріктейді.

Ұпайлар қалай есептеледі?

- жұмыс өтілі – 1 жыл жұмыс өтілі - 2 балл, қалған әрбір жылға 1 балл (5 жылға дейінгі жұмыс өтілі ескеріледі);

- отбасылық жағдайы – тіркелген неке - 5 балл, тұрмыс құрмағандар - 1 балл;

- 18 жасқа дейінгі балалардың болуы – бір бала үшін - 2 балл, екі және одан да көп бала үшін - 1 балл;

- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері - 5 балл;

- жалдамалы пәтерді өтеу туралы келісімі бар бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері (көшіп келген және қабылданған мемлекеттік қызметшілер) -10 балл;

- депозитінде кемі 500 мың теңге салымы бар банк клиенттері - 2 балл.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Қатысушылар жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 дейін Қаскелең қ., Төле би көшесі 50/1 немесе Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титова 13а мекенжайлары бойынша, Отбасы банкінің бөлімшелерінде төлем қабілеттілігін бағалатулары қажет. Ізінше өз күштерімен баспана табулары керек. Оны сатып алуға банк 18 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 18 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады.

Бағдарлама қатысушылары баспананы алғашқы нарықтан (пайдалануға берілген болуы тиіс), сондай-ақ екінші нарықтан тұрғын үй (пәтер немесе жеке үй) сатып ала алады.

Алғашқы жарна 10% құрайды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ға тең (ЖТСМ 6,2% бастап 6,8% дейін). Несиенің мерзімі – 19 жылға дейін.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру