Еліміздің кәсіпорындары Отбасы банкінің «Корпоративтік» өнім бағдарламасын жиі қолдануда. Оның арқасында жүздеген зауыт жұмысшылары, энергетиктер, кеншілер, металлургтер, мұнайшылар мен дәрігерлер өздерінің баспанасына қол жеткізді.
«Корпоративтік» өнім – жұмыс берушілерге қызметкерлерін қолдаудың тиімді құралы. Бұл бағдарлама арқылы компаниялар әрбір ұжым үшін ыңғайлы шарттарды таңдап, үйлі болуға көмектеседі.
Серіктестік үшін негізгі үш жол бар:
1. Компания немесе кәсіпорын банкке ақша бөледі (несие немесе облигациялық несие түрінде), осы қаражат арқылы қызметкерлерге қолжетімді несие беріледі.
2. Ұйым қайтарылатын немесе қайтарылмайтын несие түрінде өз қызметкерлеріне аралық несиені алу үшін бастапқы жарна қаражатын береді.
3. Сатып алу құқығымен жалдау. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне дайын пәтер ұсынады. Қызметкер пәтерге жайғасыр, кейін несие алу үшін «Отбасы» банкіндегі депозитке бастапқы жарна жинайды,.
Осы тәсілдер мен Корпоративтік өнімнің басқа артықшылықтары туралы толық ақпарат 2025 жылдың 19 қыркүйегі күні Астанада өткен «Forum 360: командаға қамқорлық – табысты инвестиция» форумы кезінде айтылды.
Форумда Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және Астана қаласы Орталық филиалының басқарушы директоры Жанар Изимбетова өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, бағдарламаның бизнес үшін перспективалары туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, форумда HR, салық, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйледі. Қатысушылар команда басқару, кадрларды даярлау және салық жоспарлау бойынша практикалық кеңестер алды.
«Forum 360» биылғы күздің маңызды бизнес алаңдарының біріне айналды: кәсіпкерлер, сарапшылар және жұмыс берушілер бір жерде кездесіп, корпоративтік тәжірибелер мен бизнес өсу мүмкіндіктерін бірге талқылады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!