Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

МАҢЫЗДЫ!!!

27 қараша 2025

2026 жылғы 1, 2, 3, 4 қаңтар (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі) жұмыс күндері емес.

Бұл күндері кез келген операцияларды жүргізу қолжетімді болмайды.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Банктің филиалдары Мемлекет сыйлықақысының белгісі бар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттардың (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, біріктіру, бөлу/ішінара алып қою, тарифтік бағдарламаны ауыстыру, «Мемлекет сыйлықақысы» белгісін өзгерту) талаптарын өзгерту операцияларын жүргізуді қоспағанда, салымшылардың жинақ шоттарына 2025 жыл үшін мемлекет сыйлықақысының сомасын нақты есептеу сәтіне дейін штаттық режимде жұмыс істейді.

31.12.2025 ж. қолжетімді операциялар:

Банк бөлімшелерінде:

  • сағат 13:00-ге дейін "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша операцияларды қоса алғанда, қарыздар беру операциялары және кредиттен кейінгі операцияларды жүргізу
  • сағат 16:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын, құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру жөніндегі қосымша келісімдерді бұзу бойынша депозиттік операциялар, жасалған ТҚЖ шарттарын біріктіру және бөлу, БЗТ бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу/жабу, кредиттік өтінімдерді қабылдау, алдын ала іріктеуді жүзеге асыру және заңды тұлғалар бойынша операцияны аяқтау;
  • сағат 17:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын, МБЖЖ, ҰҚБ шарттарын жасасу бойынша депозиттік операциялар жүргізу
  • сағат 17:00-ге дейін Банк филиалдарының кассалары арқылы ақша қабылдау.
  • сағат 17:00-ге дейін "Мемлекет сыйлықақысы" белгісін өзгерту

Кеңес берушілер желісі арқылы:

  • сағат 13:00-ге дейін кредиттік өтінімдерді қабылдау, алдын ала іріктеуді жүзеге асыру
  • сағат 17.00-ге дейін ТҚЖ шарттарын, МБЖЖ, ҰҚБ шарттарын жасасу

Екінші деңгейдегі банктер арқылы:

  • сағат 19:30-ға дейін депозитке және Серіктес банктер арқылы қарыздарды өтеуге жарналарды қабылдау операциялары

МАҢЫЗДЫ!!! Депозитке және Серіктес банктер арқылы қарыздарды өтеуге жарналар қабылдаудың қайта басталатыны туралы 05.01.2025 ж. Банктің Instagram-дағы ресми аккаунтында (otbasy_bank_kz) және Банктің сайтында хабарланады

МАҢЫЗДЫ!!!

2026 жылғы 1, 2, 3, 4 қаңтар (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі) жұмыс күндері емес.

Бұл күндері кез келген операцияларды жүргізу қолжетімді болмайды.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Банктің филиалдары Мемлекет сыйлықақысының белгісі бар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттардың (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, біріктіру, бөлу/ішінара алып қою, тарифтік бағдарламаны ауыстыру, «Мемлекет сыйлықақысы» белгісін өзгерту) талаптарын өзгерту операцияларын жүргізуді қоспағанда, салымшылардың жинақ шоттарына 2025 жыл үшін мемлекет сыйлықақысының сомасын нақты есептеу сәтіне дейін штаттық режимде жұмыс істейді.

31.12.2025 ж. қолжетімді операциялар:

"Otbasy bank" мобильді қолданбасы,
"otbasybank.kz" жылжымайтын мүлік порталы:

  • сағат 13:00-ге дейін "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша операцияларды қоса алғанда, кредиттен кейінгі операцияларды жүргізу
  • сағат 16:00-ден бастап ТҚЖ шарттары бойынша салымшылардың жинақ шоттарына 2025 жылғы мемлекет сыйлықақысының сомасын нақты есептегенге дейін депозиттен кейінгі операцияларды жүргізу (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, бөлу/ішінара алу, Мемлекет сыйлықақысының белгісін өзгерту) тоқтатылады.
  • сағат 17:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын, МБЖЖ, ҰҚБ шарттарын жасасу бойынша депозиттік операциялар жүргізу

Бейне-Сервис:

  • сағат 16:00-ге дейін кредиттік өтінім шеңберінде депозиттік операцияларды жүргізу, ТҚЖ шарттарын біріктіру, бөлу бойынша депозиттен кейінгі операцияларды жүргізу, ТҚЖ шарттарының талаптарын өзгерту бойынша, жеке тұлғалар үшін ағымдағы шоттар ашу бойынша, оның ішінде БЗТ бойынша арнайы ағымдағы шоттар ашу/жабу бойынша операцияларды жүргізу, кредиттік өтінімдерді қабылдау және алдын ала іріктеу жүзеге асыру бойынша операциялар жүргізу
  • сағат 17:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын, МБЖЖ, ҰҚБ шарттарын жасасу бойынша депозиттік операциялар жүргізу

Enpf-Otbasy.kz бірыңғай зейнетақы жинақтарын пайдалану платформасы

Ағымдағы жылы https://enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінімдер беру 2025 жылғы 31 желтоқсанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қолжетімді. Жаңа жылда 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Астана қ. уақыты бойынша сағат 08.00-ден бастап өтінім беруге болады. Ағымдағы жылы 2025 жылғы 29 желтоқсанды қоса алғанға дейін https://enpf-otbasy.kz платформасында берілген өтінімдер БЖЗҚ-ға жіберіледі. 2025 жылғы 29 желтоқсаннан кейін (30-31 желтоқсанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін) берілген барлық өтінімдер БЖЗҚ-ға 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Арнайы шоттар бойынша банктік операциялар:

2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 16.00-ге дейін келесі операциялар қолжетімді:

  • арнайы шоттардан ТҚЖ салымдарына аударымдар;
  • арнайы шоттардан екінші деңгейдегі банктерге аударымдар;
  • арнайы шоттардан біржолғы зейнетақы төлемдерін басқаға беру.

Операциялар 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Астана қ. уақыты бойынша сағат 08:00-ден бастап қолжетімді болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру