Отбасы банкінің интернет-банкингі басқа платформаға көшеді | <p>Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) сайтында орналасқан интернет-банкинг <a href="https://online.hcsbk.kz" target="_blank" rel="nofollow">https://online.hcsbk.kz</a> енді "Баспана маркет" жылжымайтын мүлік порталында қолжетімді болады (<a href="http://www.otbasybank.kz" target="_blank" rel="nofollow">www.otbasybank.kz</a> ). Жаңа платформада оның жұмысы 2024 жылдың 27 шілдесінде сағат 00:00-де басталады.</p>
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкінің интернет-банкингі басқа платформаға көшеді

Отбасы банкінің интернет-банкингі басқа платформаға көшеді

26 шілде 2024

Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) сайтында орналасқан интернет-банкинг https://online.hcsbk.kz енді "Баспана маркет" жылжымайтын мүлік порталында қолжетімді болады (www.otbasybank.kz ). Жаңа платформада оның жұмысы 2024 жылдың 27 шілдесінде сағат 00:00-де басталады.

"Баспана маркет" жылжымайтын мүлік порталында (www.otbasybank.kz) интернет-банкингтің мүмкіндіктері мен қызметтері анағұрлым жетілдірілген. Сондықтан қашықтан банктік қызмет алып үйренген Отбасы банк клиенттері бұл өзгерістен ұтылмайды.

Қашықтан, Баспана маркет порталында банк салымшылары депозиттік және кредиттік операцияларды орындай алады, "Ұлттық қор – балаларға" жобасы шеңберінде қаражат аудару үшін шоттар аша алады, тағысын тағы.

Қазір Отбасы банк операцияларының 73,4%-ын клиенттер қашықтан орындай алады.

Биылғы жылдың 7 айында Отбасы банк клиенттері филиалдарға келмей 1,8 млн астам операция жасаған. Сапалы және жылдам қызметті онлайн-банкинг арқылы ғана емес, сонымен қатар телефондағы "Otbasy bank lite" мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Интернет-банкинг пен мобильді қосымша тұрақты түрде жаңа, пайдалы функциялармен толықтырылуда.

Осылайша, бүгінгі күні интернет-банкинг пен "Otbasy bank lite" мобильді қосымшасы клиенттерге бірқатар қызмет түрлерін ұсынады:

- Отбасы банкінде депозит ашу, оның ішінде "Ақыл" депозиті;

- депозит шарттарын өзгерту, депозиттерді бөлу, біріктіру;

- аударымдар жасау (ішкі және сыртқы);

- "Отбасылық пакет" ашу;

- несие/депозит бойынша үзінді көшірме алу (түпнұсқалығын тексеру функциясы бар);

- қарызды ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу (оның ішінде қосалқы қарыз алушының (қарыз алушылардың) қатысуымен);

- БЗТ шотын ашу;

- өз шоттары бойынша ақпарат (жинақтау сомасын, қарызды өтеу кестесін, банктің есептелген сыйақысын, бағалау көрсеткішінің мәнін, мемлекеттік сыйлықақыны есептеуді, сондай-ақ сыйлықақының ең жоғары мөлшерін алу үшін қанша уақыт жинақтау керектігін) алу;

- деректерді өзгерту;

- балалар депозиттері мен арнайы шоттар бойынша ақпаратты қарау;

- мемлекеттік сыйлықақы есептелетін депозитті өз бетіңізше таңдау;

- ауыртпалықты алып тастау (қызмет "Otbasy bank lite" мобильді қосымшасында қарызды мерзімінен бұрын толығымен өтеген пайдаланушыларға қолжетімді);

- тұрғын үй заемына көшу (оның ішінде қосалқы қарыз алушының қатысуымен);

- заем бойынша төлем күндерін өзгерту (оның ішінде қосалқы қарыз алушының қатысуымен);

- банк бөлімшелеріне кезек брондау;

- депозитті жақын туыстарына беру;

- ағымдағы шотты жабу;

- "Бейілді клиенттер клубын" пайдалану.

Бөлімшелерге келген клиенттер аталмыш операцияларды жиі пайдаланғандықтан, олардың барлығы бірінші кезекте онлайн форматқа көшірілді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру