"Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақтау салымдарының шраттарын қайта қарастырады
2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы №67-V Заңына өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер қатысушы-банктерде ашылатын білім беру жинақ салымдарының шарттарына әсер етеді.
Атап айтқанда, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу тәсілдері, салымның ең аз мерзімі және бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері өзгертіледі. Банктер енді білім беру жинақ салымдарының ең аз мерзімі мен бастапқы жарнасының ең төменгі мөлшерін өздері белгілей алады. Сонымен қатар, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейіне тікелей байланысты болады.
Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап білім беру жинақ салымдарына мемлекет бастапқы капитал ретінде қосымша қаражат аудара бастайды. Бұл капитал мемлекеттік сыйақымен бірге салымшылардың жинақтарын көбейтуге көмектеседі. Бастапқы капитал баланың 5 жасқа толған кезінде есептеледі.
Осы өзгерістерге байланысты "Отбасы банк" АҚ 2025 жылғы 13 наурыз бен 21 сәуір аралығында "AQYL" білім беру жинақ салымдарын ашылуын уақытша тоқтатады.
Қажетті өзгерістер енгізілгеннен кейін "Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақ салымдарын жаңартылған шарттармен қайта ашуды бастайды. Жаңа шарттар мынадай мүмкіндіктерді қарастыруы мүмкін:
- Салым мерзімінің икемділігі – салымшыларға ыңғайлырақ шарттар ұсынылады;
- Белгілі бір санаттағы азаматтар үшін жеңілдіктер – салым ашу кезінде арнайы шарттар болуы мүмкін;
- Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты қолайлы сыйақы мөлшерлемелері – салымшыларға тиімді жағдайлар қарастырылады.