Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары күшіне енді

Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары күшіне енді

22 қаңтар 2021
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) уәкілетті оператор ретінде 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін дербес, я болмаса жұбайы/зайыбы және/немесе жақын туыстарынан алынған зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қолдануға болады. Егер БЖЗҚ салымшысы бұл төлемдерді өзі қолдануды жоспарламаса, онда ол оларды өзінің жақын туысына және/немесе жұбайы/зайыбына табыстай алады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдалануға жол беріледі:

1. Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу. Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үйдің немесе банктің бір несиелік келісімшарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып тұрғын үй алу қарыздары бойынша берешегіңізді ішінара немесе толық өтей аласыз. Сондай-ақ, сіз тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеке тұрғын үй немесе жеке қосалқы шаруашылық салу үшін жер телімін алуды қоса алғандағы несиені төлей аласыз.

2. Ипотекасыз тұрғын үй алу (толық өтеу). Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықта, сондай-ақ салынып жатқан нысандардан ҚР заңнамасына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы кепілдігі бар, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы келісімшарт арқылы сатып алуға болады. Осы мақсатта тұрғын үйді зейнетақы жинақтары есебінен де, зейнетақы мен жеке қаражат есебінен де сатып алуға болады.

3. Отбасы банкінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй займын алу. Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады. Сондай-ақ, банктің бір несие шарты шеңберінде жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға болады (жеке тұрғын үй салу немесе жеке қосалқы шаруашылық салу мақсаттарымен жер учаскесін қоса алғанда).

4. Ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарна төлеу (оның ішінде ислам банкі қаржыландыру шеңберінде). Сіз пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан алуға болады. Сондай-ақ, банктің бір несие шарты аясында сіз жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде тұрғын үй сатып ала аласыз.

5. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

6. Жеке тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін алуды қоса есептегенде). Сіз зейнетақы жинақтары есебінен немесе зейнетақы жинақтары және өз қаражатыңыз есебінен жеке тұрғын үй салуыңызға болады (жеке тұрғын үй салу немесе жеке қосалқы шаруашылық салу мақсаттарымен жер учаскесін қоса алғанда).

7. Ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру. Басқа банктерден тұрғын үй сатып алуға (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде), жеке тұрғын үй құрылысына (жер учаскесін қоса есептегенде) арналған ипотекалық несиелерді «Отбасы банкінде» қайта қаржыландыруға болады.

Өтініш берместен бұрын, қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін ҚР БЖЗҚ порталынан нақтылауға болады.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін ережелерде белгіленген әр түрлі мақсаттарға шектеусіз рет пайдалануға болады.

Оператордың интернет-ресурсында ЭСҚ немесе басқа электронды құралдар арқылы авторизациядан өту қажет. Өзіңіздің жеке кабинетіңізді ашып, арнайы шотқа өтініш беріңіз.

Арнайы шот ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолда бар соманы, жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш толтыруыңыз қажет.

Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі қолданылмаған жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы шотындағы қаражаттан ЖТС шегерілгеннен кейінгі сома пайдалануға қолжетімді болады. Сонымен қатар, тұрғындарға ЖТС төлеуді кейінге қалдырылуы мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда клиент жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының барлық көлемін пайдалана алады.

«Отбасы банкі» өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішін қарағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-мен жасалған келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға тіркелген өтінімдер туралы ақпаратты электронды хабарлама түрінде жолдайды.

БЖЗҚ «Отбасы банкінен» электронды хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын өтініш берушінің арнайы шотына аударады.

Ақша арнайы шотқа түскеннен кейін өтініш беруші 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде «Отбасы банкіне» біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты тағайындалуын растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс.

Белгіленген мерзімде біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты тағайындалуын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайта қайтарылады.

Қаражат жұбайы/зайыбы және/немесе жақын туыстарына тағайындалған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдері өтініш берушінің арнайы шотынан алушының арнайы шотына растау жөніндегі құжаттар ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударылады.

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушымен ұсынған құжаттарды олар берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді және біржолғы зейнетақы төлемдерін тағайындалуы бойынша аударады.

Қаражат жіті қорғалатынын айта кеткен маңызды. Ақшаны өтініш берушінің басқа қарыздық міндеттемелері бойынша өндіріп алу мүмкін емес.

Үлкен әлеуметтік жауапкершілікті, халықтың үміті мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев тапсырмасының маңыздылығын ескере отырып, «Отбасы Банк», уәкілетті оператор ретінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын арнайы ағымдағы шоттан арнайы мақсатқа аударуға қатысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып меншікке тіркелген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл бойы сатуға жол берілмейді. Ережеге тек төмендегі екі жағдай ғана кірмейді:

1) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының кепілге берген жылжымайтын мүлкін өткізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жылжымайтын мүлікті сату.

Кепіл ұстаушының кепілге берген жылжымайтын мүлкін сатқан жағдайда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын кепіл ұстаушы уәкілетті операторда ашылған алушының арнайы шотына 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтаруға тиіс.

Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын уәкілетті оператор мен БЖЗҚ-ның өзара іс-қимылы туралы тиісті келісімде белгіленген мерзімдерде БЖЗҚ-ға аударады.

Осы тармақта көрсетілген біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша тыйым салу 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады.

Осы тармақтың орындалуын бақылау мақсатында алушы жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемі аударылған күні біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылған жылжымайтын мүлікті өткізуді шектеу туралы міндеттемеге қол қояды, оны ЭЦҚ-мен немесе уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы Қағидаларда көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған кезде меншікті қаражатын пайдалануға жол беріледі.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсаттарына қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап «Отбасы банкінде» онлайн режимде ағымдағы арнайы шот ашып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Банкте 57 000 астам арнайы шот ашылды», деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Ереженің толық мәтінімен http://zan.gov.kz/client/#!/doc/152361/kaz сілтемесі бойынша танысуға болады.

Қосымша ақпарат 300 нөмірі бойынша.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру