Банк бөлімшесіне бармаңыз!
Күн сайын "Otbasy bank"мобильді қосымшасының мүмкіндіктері артып келеді.
Енді мобильді қосымшада сіз "жеке деректерді өзгерту"операциясын жасай аласыз.
Ұялы қосымшаға кіргенге дейін ЖСН мен телефон нөмірін көрсете отырып, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіруден өтіп, "телефон нөмірін өзгерту" батырмасы бойынша телефон нөмірін өзіңіз өзгерте аласыз (биометриялық сәйкестендіру-адамның жеке басын тұлғаның бейнесі арқылы тануға мүмкіндік беретін технология).
Осы операция аясында келесі операциялар қарастырылған:
- Ұялы телефон нөмірін өзгерту (мобильді қосымшаға авторизациядан бұрын және кейін);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін өзгерту/ жаңарту (мобильді қосымшаға авторизациядан кейін);
-Клиенттің тіркелген/тұратын мекен-жайы, жұмыс орны, лауазымы, табыс көзі, e-mail, қызмет көрсетудің таңдаулы тілі сияқты қосымша деректерін өзгертіңіз.
Қазіргі уақытта қызмет тек Android ОЖ құрылғыларында қол жетімді, жақын арада iOS пайдаланушылары үшін қол жетімді болады.