Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақсу қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары пәтерлі болып жатыр

Ақсу қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары пәтерлі болып жатыр

12 желтоқсан 2017
Ақсу қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары пәтерлі болып жатыр

Оларға арнап тұрғызылған жаңа бес қабатты үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтерген. 1 шаршы метрдің бағасы 90 000 теңгені құрады.
Басында 1 шаршы метр құны жоғарырақ, атап айтқанда 120 мың теңге болған екен. Алайда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері болып табылатын Ақсу тұрғындары үшін бұл баға қымбат болыпты. Сондықтан ТҮҚЖБ Павлодар облыстық филиалының басшылығы облыс әкімдігіне шығып, аталған мәселені шешуді сұраған. Аймақ басшысы түсіністік танытып, тұрғын үй бағасының төмендеуіне ықпал еткен.
Пәтер сатып алу үшін банк клиенттеріне шоттарына тұрғын үй бағасының 30%-на тең соманы жинау керек болды. Жетпейтін қаражатты ТҮҚЖБ жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайтын жеңілдетілген заем түрінде берді.
Баспаналы болған тұрғындарға пәтер кілтін Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Павлодар облыстық филиалының директоры Талғат Баилов тапсырды.
- Бүгінгі күні мемлекет баспаналы болудың аса қолжетімді, қолайлы механизмдерін ұсынып отыр. Бірақ оларды қолдану үшін қазақстандықтар да өз кезегінде іске көшіп, тырысу керек. Мәселен, 1 бөлмелі пәтер орта есеппен 3,8 млн теңгеге шығады. Оны сатып алу үшін банк салымшыларына шотқа 1,2 млн теңге жинау керек. Тырысып, депозит ашып, тұрақты түрде қаражат жинаған адам көп ұзамай үйлі болады, - деп атап өтті Талғат Баилов.
Ол «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 374 пәтерден тұратын барлығы 5 үй салынғанын айтты. Оның үшеуі Павлодардағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде, тағы бір нысан Екібастұзда және бір үй Ақсуда салынып жатыр.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру