Құрметті клиенттер!
10 наурыз 2022
«Автотөлем» қызметі Отбасы Банкінің мобильді қосымшасында қайтадан қолжетімді.
«Автотөлем» қызметін қосу үшін «Отбасы банк» мобильді қосымшасын смартфонға жүктеп алу немесе бұрыннан бар қосымшаны жаңарту қажет. Содан кейін жүйеге тіркеліп, «Менің депозиттерім» бөлімінде «толықтыру» функциясын таңдау қажет.
Ізінше келесі ақпаратты жазу қажет:
- төлем сомасын белгілеңіз;
- «Автоматты төлем жасау» жазуының жанына құсбелгісін қойыңыз;
- ай сайын қаражаттың алыну күнін, соңғы төлемнің жылы мен айын көрсетіңіз;
- төлем картаңыздың мәліметтерін толтырыңыз.

Осыдан кейін сіз көрсеткен сома Отбасы банкіндегі несиені өтеу немесе депозитті толтыру үшін автоматты түрде ай сайын аударылып отырады.
Автотөлемді кез келген уақытта «Өшіру» батырмасын басып, тоқтатуға болады.
Артық уайымсыз баспанаға ақша жинаңыз!