Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңес «Бәйтерек» холдингінің инфрақұрылымдық жобалар бойынша бастамаларын бағалады | Лондонда Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңестің Business and Sustainable Development Commission отырысы өтті. Оның жұмысына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Динара Сейджапарова қатысты.
Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңес «Бәйтерек» холдингінің инфрақұрылымдық жобалар бойынша бастамаларын бағалады

Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңес «Бәйтерек» холдингінің инфрақұрылымдық жобалар бойынша бастамаларын бағалады

22 қараша 2016
Лондонда Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңестің Business and Sustainable Development Commission отырысы өтті. Оның жұмысына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Динара Сейджапарова қатысты.

Динара Сейджапарова Қазақстаннан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен кеңес жұмысына қатысқан жалғыз өкіл болып отыр. Жұмыс барысындағы кездесу шеңберінде Кеңес қатысушылары Қазақстандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету инфрақұрылымды дамыту жобаларын қаржыландыру бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бастамаларын бағалады. Дәл осындай жобалар экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесетін болады.

«Кеңес отырысы пікірталас форматында өтуде, ондағы басты мақсат кеңестің кедейлік, әлеуметтік теңсіздік және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарып отырғандығын әлемдік бизнес-қауымдастығы назарына жеткізу болып табылады»,- деді Динара Сейджапарова.

Дүниежүзілік бизнес-кеңес құрамына 33 мүше кіреді, олардың ішінде аты әлемге белгілі сингапурлық ірі қаржы қайраткері, «Temasek Holdings» жетекшісі Хо Чин, қытайлық кәсіпкер, «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, «Mars Incorporated» президенті және бас атқарушы директоры, сондай-ақ Unilever президент Пол Полман сынды бизнес-элита өкілдері бар.

Кеңес отырысы барысында «Үздік нарық. Үздік қаржыландыру. Үздік жұмыс орны» («Better Markets. Better Finance. Better Jobs») жобасы талқыланды. Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша Кеңестің жүргізген жұмыстары 2017 жылғы қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумы шеңберінде ұсынылатын болады.

Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік бизнес-кеңесі – ол қаржыландырудың жаңа үлгілерін пысықтау, сондай-ақ 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша бастамаларды құру үшін бизнес, академиялық қауымдастық және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің басын қосатын ғаламдық алаң.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру