Бизнесті және тұрғын үйді салуды қолдауға бағытталған меморандумға «Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі қол қойды
«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген және Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Astana Invest Forum» VI халықаралық инвестициялық форум шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейді: индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру; шағын және орта бизнесті қолдау; тұрғын үй салу, соның ішінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша; «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» Холдинг бағдарламасының қатысушы-компанияларын қолдау.
Тараптар қол қойылған меморандум шеңберінде Астана қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі Холдингтің еншілес ұйымдарының ынтымақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы уағдаласты.
Сондай-ақ, құжатта қала экономикасына, соның ішінде қала шаруашылығының түрлі салаларын және басқа да салаларды бірігіп қаржыландыру үшін ең ірі институционалдық инвесторларды тарту көзделген.
Бұдан басқа, Елорда әкімдігі меморандум шеңберінде Холдингке еншілес құрылымы «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында, сондай-ақ жалдамалы тұрғын үйді әрі қарай пайдалану беру бойынша Астанада және Қосшы кентінде (Астана) жалдамалы тұрғын үйлерді уақтылы үлестіруге жәрдемдесетін болады.