«Бәйтерек» холдингі мен Еуразиялық Даму банкі қазақстандық экспорттаушыларға кредит береді
4 қазан 2016
Бүгін Астанада Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы шеңберінде экспортқа жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қазақстандық тараптан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев, ресей тарапынан – Еуразиялық Даму Банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Панкин қол қойды.
Келісім шеңберінде «ҚазЭкспортГарант» экпорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) бірлесіп, қазақстандық экспорттаушыларға Еуразиялық экономикалық одақ шегінде және одан тысқары жерлерде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспорттық тәуекелдерін сақтандыру бойынша қолдау көрсететін болады. Осы мақсатта ЕАДБ қазақстандық өндірушілердің экспорттық операцияларына 100 млн доллар шамасында қаржы бөледі.
«Ортақ ынтымақтастық орнатудың әлеуеті зор. Бүгінде экспортты қолдау, бір-бірін нарыққа тарту, бірлескен кәсіпорындарды құруға қатысты жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Жаңа тәсілдерді, арнайы өнімдерді, ортақ кредиттік желілерді қолданудың уақыты жетті. «Бәйтерек» холдингі кез-келген көмекті көрсетуге дайын», - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің басшысы Ерболат Досаев пен Ресей экспорттық орталығының Бас директоры Петр Фрадков Өзара түсінушілік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде тараптар олардың дамуына бірлесіп күш жұмасалатын өнеркәсіптің басым секторларын айқындады: азық-түлік өнімдерін шығару, агрохимия, автокөлік құралдары мен оның қосымша бөліктерін өндіру, ауылшаруашылығы техникаларын, тау кен қазу, мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібі жабдықтарын шығару, құрылыс, қара және түсті металлургия материалдарын өндіру.