«Бәйтерек» холдингі Астанада құрылыс салушылармен жиын өткізді | Бүгін 28 қарашада Астанада «Бәйтерек» басқарушы холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бірлесе отырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылыс салушылармен жиын өткізді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингі Астанада құрылыс салушылармен жиын өткізді

«Бәйтерек» холдингі Астанада құрылыс салушылармен жиын өткізді

28 қараша 2016
Бүгін 28 қарашада Астанада «Бәйтерек» басқарушы холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бірлесе отырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылыс салушылармен жиын өткізді.

Аталған жиын салынып жатқан құрылыс объектілері бойынша ағымдық проблеманы талдау мен сыбайлас жемқорлықпен байланысты бұзушылықтарды алдын алу мәселелеріне арналды. Оған Қазақстанның 18 қаласынан келген құрылыс салушы компаниялардың өкілдері қатысты.

Жиын аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету – бірыңғай электронды кабинет қағидаты бойынша түйінді бизнес-процестерді толық автоматтандыру, құжаттар тібесін мен жобаларды іріктеу рәсімдерін қысқарту, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ ішкі еншілес ұйымдары функцияларын бөлу, объектілерді қаржыландыруға арналған өтінімді іріктеу мен пайдалануға қабылдау бойынша Комиссиялардың құрамына тәуелсіз өкілдерді қосу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту үшін адам байланысын болдырмау бағыттарындағы Холдингтің алдағы жоспарлары туралы айтты.

Қазірдің өзінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ видео-аудио фиксациялармен жарақтандырылған арнайы шынылы кабинет жабдықтарған, ресми кездесулер мен құрылыс салушылардан өтінім қабылдау тек сол жерде ғана жүргізіледі. Қайырбек Өскенбаев бұдан басқа «Бәйтерек» холдингінде кез келген адам қалауы бойынша шағымдар жасауға, оның ішінде анонимді түрде өтініш жасауға мүмкіндік беретін + 7 (7172) 919-161 Жедел желісі іске қосылғандығын да атап айтты.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында жобаларды іріктеу тетіктері жетілдірілетін болды және мынадай нормалар енгізіледі: кез келген өзара іс-қимыл басталғанға дейін ақпарат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жариялы етпеу туралы Келісімге құрылыс салшылардың қол қоюы, ал үлгілік шартта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жағдайларда құрылысты аяқтау құқығын «Бәйтерек Девелопмент» АҚ пайдасына беру талабы көзделетін болады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күрес және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі құрылыс объектілерін уақытылы аяқтауды көздейді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру