«Бәйтерек» холдингі: арендалық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша тапсырма 2016 жылы толық орындалады | Бүгін «Нұр Отан» партиясының фракциясы «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын қарады. <br> <br> Мемлекеттік бағдарламалар аясында арендалық және несиелік тұрғын үй салу бойынша операторлар «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымдары болып табылады: «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингі: арендалық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша тапсырма 2016 жылы толық орындалады

«Бәйтерек» холдингі: арендалық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша тапсырма 2016 жылы толық орындалады

12 желтоқсан 2016
Бүгін «Нұр Отан» партиясының фракциясы «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын қарады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында арендалық және несиелік тұрғын үй салу бойынша операторлар «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымдары болып табылады: «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы арендалық тұрғын үй салу және сатып алу» бағыты бойынша 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 115 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджеттен сондай-ақ 48,3 млрд. теңге бағытталды.

Осы қаражат есебінен 992,6 мың шаршы метр (17 337 пәтер) салуға және сатып алуға келісімшартқа қол қойылды, оның ішінде: 2015 жылғы нысандар бойынша 401 мың шаршы метр кезінде 425,5 мың шаршы метр (7 234 пәтер) .

2016 жылғы нысандар бойынша 326 мың шаршы метр жоспар кезінде 372,8 мың шаршы метрге (6 612 пәтер) келісімшартқа қол қойылды, оның 271,6 мың шаршы метрі (4 890 пәтер) пайдалануға берілді.

«Арендалық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша тапсырма 2016 жылы толық көлемде орындалады. Нысандар құрылысы бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіледі, алайда тұрмысқа қолайландыру жұмыстарын әкімдік тек жылы мезгілде, сәуір-мамырда ғана өткізе алатынын ескерген жөн. Осыған байланысты, Ұлттық қордан бөлінген қаражатты толық игеру 2017 жылғы 30 маусымға дейін жүргізіледі. Аталған жоспар ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген», - деп баса айтты Әнуар Омарходжаев.

2017 жылғы нысандар бойынша 194,3 мың шаршы метр (3 491 пәтер) салуға келісімшарттарға қол қойылды.

Арендалық тұрғын үй бастапқы жарнасыз 20 жылға дейін сатып алу құқығымен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға ұсынылады. Кезекке тұруға құжат қабылдау әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады. Алматы және Астана қалаларындағы жалға алу құны 1 шаршы метрге 1 120 теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде құны 1 шаршы метрге 930 теңгеден аспайды.

«Мысалға, Астана қаласындағы ауданы 50 шаршы метр болатын 2-бөлмелі пәтерді сатып алумен жалға алу айына шамамен 56 мың теңгені құрайды», - деп баса айтты Әнуар Омарходжаев.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы арендалық және несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша 2016 жылы Ұлттық қордан 113 млрд. теңге бөлінді, оның 25 млрд. теңгесі экономикалық өсімді ынталандыру бойынша қысқамерзімді шараларға уақытша қайта бөлінді.

Бүгінде, қалған 88 млрд. теңге есебінен 2016-2017 жылдары пайдалануға берумен 82,8 млрд. теңге сомаға 523,3 мың шаршы метр (8 757 пәтер) салуға келісімшарттарға қол қойылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін 27,5 млрд. теңге сомаға 147 мың шаршы метрге (2,9 мың пәтер) келісімшарттарға қол қойылады. Таяу 2 жылда 324,1 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді және 366,9 мың шаршы метр несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған.

«Өтінімдер қабылдау жалғасуда, біз құрылыс бағасы өңірлерде 1 шаршы метріне 180 мың теңгеден аспайтын және Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда 200 мың теңгеге дейінгі өңірлік құрылыс салушылармен белсенді ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Оған қоса, тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Арендалық тұрғын үй тек қана әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана, ал несиелік тұрғын үй Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына ұсынылады», - деп атап өтті Әнуар Омарходжаев.

Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында құрылыстың ең көп көлемі байқалған. Осы өңірлердің әр қайсысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының саны 30 мыңнан асты. Салымшылардың ең көп саны, 100 мыңнан – Астана мен Алматыда.

Астанада 10,8 млрд. теңге сомаға 56,7 мың шаршы метр тұрғын үй (853 пәтер) салынып жатыр. Алматыда 24,3 млрд. теңге сомаға 152,4 мың шаршы метр (2 676 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Үйлер 2017 жылы тапсырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары тарапынан жоғары сұранысты ескере отырып, кесімді бағамен несиелік тұрғын үй құрылысы жалғасады, - 2016 жылға жаңа салымшылар саны 151 мың адамға артып, 757 мың салымшыны құрады. Құрылыс барысына апта сайын мониторинг жүргізіледі, әр нысан бойынша фотосуреттерімен паспорттар бар.

Сондай-ақ, 2016 жылы, «Бәйтерек» Холдингіне, ЖАО борышқорлық бағалы қағаз сатып алуға, несиелік тұрғын үй салуға 67 млрд. теңге бөлінді, оның 25,3 млрд. теңгесі экономикалық өсімді ынталандыру бойынша қысқамерзімді шараларға уақытша қайта бөлінді. Барлық қаражат облигация сатып алу арқылы ЖАО-ға бағытталады, 2016 жылы 38,2 млрд. теңгеге және 2017 жылы - 28,8 млрд. теңге сомаға. Бүгінгі таңда «Бәйтерек девелопмент» АҚ 38,2 млрд. теңге сомаға 16 ЖАО бағалы қағаздары сатып алынды, яғни 2016 жылға жоспардың 100%.

Құрылыс барысына және бөлінген қаражатты игеруге мониторинг жүргізуді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру