«Бәйтерек» холдингі АӨК қолдау функцияларымен жұмыс істей бастады | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оған қосылған «ҚазАгро» холдингінен өткен агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық қолдау жаңа функцияларымен жұмысты бастайды. 15-ші наурызда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тапсыру актісін бекітті.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингі АӨК қолдау функцияларымен жұмыс істей бастады

«Бәйтерек» холдингі АӨК қолдау функцияларымен жұмыс істей бастады

16 наурыз 2021

2021 жылғы 16 наурыз, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оған қосылған «ҚазАгро» холдингінен өткен агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық қолдау жаңа функцияларымен жұмысты бастайды. 15-ші наурызда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тапсыру актісін бекітті.

Осылайша, «Бәйтерек» холдингінің құрамына бұрынғы «ҚазАгроның» үш еншілес ұйымы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кірді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бұл ауқымды оңтайландыру даму институттарын неғұрлым тиімді басқаруға және мемлекеттік қолдауды қазақстандықтарға сапалы, жедел жеткізуге арналған. Қосылу процесі фермерлер үшін теріс әсер етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау толық көлемде көрсетілетін болады, - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпханов.

Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық қолдау шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейдегі банктермен және даму институттарымен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік сектордағы әлеуетті жобалар пулы әзірленді, оларды іске асыру ішкі нарықты молықтыруға мүмкіндік береді және аса маңызды тауар позициялары бойынша импортқа тәуелділікті азайтады.

Холдингтің ұйымдық құрылымында штат санын ұлғайтпай ауыл шаруашылығы активтерін басқарудың жаңа департаменті құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 52-тармағын орындау мақсатында өзіне «ҚазАгро» холдингін қосу арқылы бірыңғай даму институтын құру бойынша іс-шаралар өткізуде.

Айта кету керек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға беру бойынша Жол картасы әзірлеу сатысында, ол тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, барлық қажетті рәсімдерді көздейтін болады. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға кредиттерді, «Даму» КДҚ» АҚ-да лизингтік мәмілелерді кепілдендіру, микробизнесті тікелей кредиттеу және өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша функцияларды кейіннен АШҚҚҚ тарата отырып, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінің құрамында 12 еншілес ұйым бар:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (www.kdb.kz) ірі бизнесті қолдайды, елдің шикізаттық емес секторына инвестиция салады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (www.damu.kz) шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (www.kazakhexport.kz) экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсетеді.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (www.kcm-kazyna.kz) ел экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры болып табылады.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (www.ifk.kz) проблемалық жобаларды сауықтыру жолымен елдің тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

«QazTech Ventures» АҚ (www.qaztech.vc) венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.

«Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС (www.kppf.kz) инфрақұрылымдық жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету арқылы елдің инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдеседі.

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (www.khc.kz) тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып табылады.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк болып табылады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (www.agrocredit.kz) елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ (www.kaf.kz) сапалы және бәсекелес лизингтік қызметтер көрсету арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдеседі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (www.fagri.kz) АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қаржыландырады.

Сонымен қатар, Холдингтің портфельді компанияларын одан әрі 12-ден 7-ге дейін қысқарту және соған орай штаттын санын түзету жоспарланып отыр.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі»
8 (7172) 919205
www.baiterek.gov.kz
[email protected]

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру