«Бәйтерек» Холдингі және француз компаниялары бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады
Парижде Қазақтан-Франция елдерінің іскерлік кеңесі өтті, онда болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Мен Франция компанияларын «Бәйтерек» Холдингімен тығыз ынтымақтастыққа шақырамын. Біздің өзара іс-қимылымыз екі жаққа да тиімді және ортақ мақсаттарымызды іске асыруға көмек болатынына сенімдімін», - деді «Бәйтерек» Холдингінің басқарушы директоры Асқар Достияров іскерлік кеңесі отырысы барысында сөйлеген сөзінде.
Анықтамалық деректерге сәйкес, француз іскерлік тобы соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасаған.
«Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанға әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан Франция біздің сенімді де сындарлы серіктесіміз болып қала береді», - деп атап өтті А. Достияров.