«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттыратын болады | «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ еншілес құрылымы «Қазақстан Даму Банкі» (бұдан әрі –Банк, ҚДБ) 3 млрд. теңге көлемінде мерзімі 39 ай  «RG Brands Kazakhstan» ЖШС кредиттік желісін ашты. Мәміле  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экспортын қолдау мақсатында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысымен бекітілді. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттыратын болады

«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттыратын болады

8 қыркүйек 2015

«Бәйтерек»ҰБХ» АҚ еншілес құрылымы «Қазақстан Даму Банкі» (бұдан әрі –Банк, ҚДБ) 3 млрд. теңге көлемінде мерзімі 39 ай  «RG Brands Kazakhstan» ЖШС кредиттік желісін ашты. Мәміле  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экспортын қолдау мақсатында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысымен бекітілді. 
Несиелік қаражаттарды компанияның  өндіріске және экспорт рыногында өнімді өткізуге байланысты  айналым капиталына, соның ішінде  шикізат, материалдар және орамалар сатып алуға  бағыттау жоспарланып отыр. 
«2015-2019 жылдары біз экспорттық сатуларды   жалпы түсімдеріміздің  25%-ына  дейін өсіруді жоспарлап отырмыз және мемлекеттің, «Бәйтерек» холдингінің тарапынан қабылданған осы шаралар, даму институттары арқылы көрсетіліп отырған көмек  өнім экспортын арттыра түсу бойынша жоспар  құруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті «RG Brands Kazakhstan» ЖШС бас директоры Тимур Қалтаев.  
Компания осы көрсеткіштерге негізінен Еуразия экономикалық одағы елдерінде, ең алдымен, Ресей мен Қырғызстанда  сату көлемін арттыру есебінен қол жеткізуді жоспарлайды. «RG Brands Kazakhstan»
Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия  елдерінде қазірден таныс. 

Анықтама үшін:  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қазақстандық  тауарлардың экспортын қолдауға ҚДБ желісі бойынша 2015 жылы 35 млрд. теңге бөлінді. Бұл ҚДБ-ның  «RG Brands Kazakhstan» ЖШС экспорттық операциясын қаржыландыру қарастырылған қаражат шеңберіндегі  кезекті келісімі  болады. Бұрынырақ «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның 7 млрд. теңге көлеміндегі және «Баян сұлу» АҚ-ның 2 млрд. теңге көлеміндегі   экспорттық операциясы қаржыландырылды. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру