Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

2 ақпан 2022

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: "Ақмола обл., Бұланды ауд., Макинск қ., З. Космодемьянской көш., 3 Б үй, 60 пәтерлі тұрғын ұй", орналасқан мекен-жайы: Ақмола обл., Бұланды ауд., Макинск қ., З. Космодемьянской көш., 3 Б үй.

Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 28 қыркүйек 2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Жайлылық класы: 4 класс.

Пәтерлер саны: 60 пәтер,
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 30 пәтер, ең үлкен ауданы 29,34 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 18 пәтер, ең үлкен ауданы 44,07 ш. м.
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 12 пәтер, ең үлкен ауданы 53,50 ш.м.

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 03 ақпан айынан бастап 17 ақпан айына дейін.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 18 ақпан 2022 ж.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Банк салымшылары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Нысан үшін және оны одан әрі іске асыру үшін дауыс береді.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру