Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімінің 21.04.2022 жылға (қоса алғанда) дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО-да орналасқан 12 қабатты тұрғын үйлер» №4 учаске (сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз)» объект коды 2147, орналасқан мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО, №36/1, №36/2, №38/1.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу) күні: 22.04.2022жыл.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 4
Пулға қатысуға өтінішті Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Банк салымшылары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Нысан үшін және оны одан әрі іске асыру үшін дауыс береді.
Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде не тіркелген сомада жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беруге болады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!