Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру ұзартылғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: Түркістан қаласы,ӘІО жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені» Секция 1-1, Секция 2-1, 1 кезек. Объект коды 2547
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 17 қараша 2022 жылдан бастап 26 желтоқсан 2022 жылға дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 27 желтоқсан 2022 жылы.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініштер тек негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасының нысанына қатысуға өтінім беру арқылы Банк салымшылары нысанға және оны одан әрі іске асыруға дауыс береді.
Несие беру өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда, «Бақытты отбасы» бағытына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы болған жағдайда мүмкін болады.
Пулға/тікелей сатуға берілген өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс алаңының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерімен және тұрғын үй схемасымен Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсына кіруге болады және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына мына телефон бойынша хабарласыңыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!