«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде «Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату» бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласы, Есіл ауданы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде, Е111, Е117, Е120, Е770 жобалық атаулары бар көшелер ауданы мекенжайында орналасқан, кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені», орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е117 көшесі, 37 үй. Нысан коды 4484.
Нысанды пайдалануға беру күні: 13.07.2023 жыл.
«Таза» әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 220 000 теңге,
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 4.
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 1 пәтер, максималды көлемі – 39 ш.м.,
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 1 пәтер, максималды көлемі – 57,5 ш.м.,
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 2 пәтер, максималды көлемі – 87,2 ш.м.,
Брондау: «05» қараша 2024 жылғы 10.00 сағ. бастап «11» қараша 2024 жылғы 23.00 сағ. дейін.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
«Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!