Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "45-пәтерлі тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, 1 ықшам ауданы, 1 квартал
Нысанды пайдалануға беру күні: 31.12.2022 жыл.
"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге,
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 27,
Тұрғын үй түрі 1: 10 пәтер, максималды ауданы 35,7 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 14 пәтер, максималды ауданы 57,4 ш. м;
Тұрғын үй түрі 3: 3 пәтер, максималды ауданы 68,8 ш. м;
Брондау: "20" қыркүйек 2023 жылғы 10.00 сағ. бастап "27" қыркүйек 2023 жылғы 23.00 сағ. дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.