Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Уалиханова, 1/7.
Нысанды пайдалануға беру күні: желтоқсан 2022 жыл.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 33 (бөлінетін пәтерлер саны),
Пәтер түрі 1-бөлмесі: 2 пәтер, максималды ауданы 59,81 ш. м.;
Пәтер түрі 2-бөлмесі: 20 пәтер, максималды ауданы 53,73 ш. м.;
Пәтер түрі 3-бөлмесі: 11 пәтер, максималды ауданы 71,74 ш. м.;
Брондау: 20.09.2023 жылғы 10:00_сағ. бастап 26.09.2023 жылғы__23:00_сағ. дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Өтініш беру https://otbasybank.kz/ жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын https://otbasybank.kz/ жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.