Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласы, Есіл ауданы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде, Е111, Е117, Е120, Е770 жобалық атаулары бар көшелер ауданы мекенжайында орналасқан, кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені», құрылыстың 3-кезеңі, № 8 позиция, орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е117 көшесі, «Бағыстан» тұрғын үй кешені Позиция-8. Нысан коды 2954.
Нысанды пайдалануға беру күні: 13.07.2023 ж.
"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 220 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 152.
Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 8 пәтер, максималды ауданы 39,87 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 2 бөлмелі, 52 пәтер, максималды ауданы 65,1 ш. м.
Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 70 пәтер, максималды ауданы 88,37 ш. м.
Тұрғын үй түрі 4: 4 бөлмелі, 22 пәтер, максималды ауданы 102,89 ш. м.
Брондау: «09» тамыз 2023 жылғы 10-00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) бастап «10» тамыз 2023 жылғы 23-00 сағ. дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер тек негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!