ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2026 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй құрылысы. 41 жер телім, 4 белгі", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын аудан, 41 жер телім, 4 белгі.
Нысанды пайдалануға беру күні: нысан пайдалануға берілді.
"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 80 (бөлінетін пәтерлер саны).
Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 5 пәтер, максималды ауданы 32,48 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 1 бөлмелі, 25 пәтер, максималды ауданы 38,65 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 3: 2 бөлмелі, 5 пәтер, максималды ауданы 54,29 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 4: 3 бөлмелі, 45 пәтер, максималды ауданы 76,95 ш. м.
Брондау: "26" маусым 2023 жылғы 10-00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) бастап "03" шілде 2023 жылғы 23-00 сағ. дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады
Өтініштер тек негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:
-
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
-
көп балалы отбасылар;
-
толық емес отбасылар.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.