Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

1 қыркүйек 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Нысан коды №3003.

Нысан: " Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты №9,13,14,15,16,17,18,19,20,21 тұрғын үйлер салу", орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданы

Нысанды пайдалануға беру күні: 30.05.2023 жыл.

1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Жайлылық класы: 3

Пәтерлер саны: 540,

Пәтер түрі 1: 180- пәтер, максималды ауданы 49,35 ш. м.,

Пәтер түрі 2: 180- пәтер, максималды ауданы 66,07 ш. м.,

Пәтер түрі 3: 180- пәтер, максималды ауданы 82,00 ш. м..

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 07.09.2023 ж. бастап 28.09.2023 жыл.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 29.09.2023 жыл.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады

Өтініштер ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру