Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

3 қазан 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: " Көпқабатты 30-пәтерлі кредитті тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 34П үй. Нысан коды 3092.

Нысанды пайдалануға беру күні: нысан пайдалануға берілді.

"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 30 (бөлінетін пәтерлер саны),

Тұрғын үй түрі 1: 2 бөлмелі, 15 пәтер, максималды ауданы 55,82 ш. м. ;

Тұрғын үй түрі 2: 3 бөлмелі, 15 пәтер, максималды ауданы 77,55 ш. м.;

Брондау: "09" қазан 2023 жылғы 10-00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) бастап "22" казан 2023 жылғы 23-00 сағ. дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

Өтініштер тек ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:

  1. бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

  2. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

  3. балалар – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  4. көп балалы отбасылар;

  5. толық емес отбасылар (2022 жылғы негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар)

Тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың мынадай санаттары басымдыққа ие:

- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру