Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан және 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй несиесін беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына тікелей сату мерзімінің ағымдағы 2023 жылдың 15 желтоқсанына 23-00 сағ. дейін ұзарғанын хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласы, Есіл ауданы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде, Е111, Е117, Е120, Е770 жобалық атаулары бар көшелер ауданы мекенжайында орналасқан, кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені», құрылыстың 3-кезеңі , № 10 позиция» орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е117 көшесі, 33 ғимарат, «Бағыстан» тұрғын үй кешені. Нысан коды 3158.
Нысанды пайдалануға беру күні: 06.10.2023 ж.
«Таза» әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 220 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 152.
Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 8 пәтер, максималды ауданы 39,87 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 2 бөлмелі, 52 пәтер, максималды ауданы 65,1 ш. м.
Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 70 пәтер, максималды ауданы 88,37 ш. м.
Тұрғын үй түрі 4: 4 бөлмелі, 22 пәтер, максималды ауданы 102,89 ш. м.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!