Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Нысан: "9 қабатты екі секциялы ірі панельді No41 тұрғын үйдің құрылысы", орналасқан мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын алабы, Есет батыр атындағы ықшамауданы, 3-шағын аудан, 41Б.
Нысанды пайдалануға беру күні: 30.11.2023 жыл.
"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 1.
Тұрғын үй түрі 2: 3 бөлмелі, 1 пәтер, максималды ауданы 88,3 ш. м..
Брондау: "21"қараша 2024 жылғы 10-00 сағ. бастап "19" қараша 2024 жылғы 23-00 сағ. дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
"Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!