Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сатуға қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру | Нысан: "Ақмола облысының Ерейментау қаласында, Жантай батыр көшесін, 83Б үй 45 көппәтерлі, 5 қабатты тұрғын үй құрылысы ", нысан коды 4195. мекен-жайы бойынша орналасқан: Ақмола облысы Ерейментау қаласы, Жантай батыр көшесі, 83Б үй
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сатуға қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сатуға қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

8 қараша 2024 Нысан коды: 4195

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату"/"Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.

Нысан: "Ақмола облысының Ерейментау қаласында, Жантай батыр көшесін, 83Б үй 45 көппәтерлі, 5 қабатты тұрғын үй құрылысы ", нысан коды 4195

мекен-жайы бойынша орналасқан: Ақмола облысы Ерейментау қаласы, Жантай батыр көшесі, 83Б үй

Нысанды пайдалануға беру күні: 21.12.2021 жыл.

"Таза" 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: "таза" әрлеуде 130 000 теңге.

Тұрғын үйлердің барлық түрлері бойынша пәтерлердің саны: 19 (он тоғыз) пәтер,

Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 13 пәтер, максималды ауданы 36,65 ш. м., құны 4 764 500 теңгеге дейін;

Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 6 пәтер, максималды ауданы 63,62 ш. м., құны 8 270 600 теңгеге дейін;

Брондау мерзімі: 12.11.2024 жылғы сағат 10:00-ден 18.11.2024 жылғы сағат 23:00-ге дейін.

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

"Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді:

- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көпбалалы отбасылар;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

"Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру