Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату"
Нысан: "Сарыарқа ауданы 30-пәтерлі тұрғын үй ", нысан коды 4892
мекен-жайы бойынша орналасқан: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 24В үй
Нысанды пайдалануға беру күні: 05.11.2024 жыл.
"Таза" 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: "таза" әрлеуде 239 317 теңге.
Тұрғын үйлердің барлық түрлері бойынша пәтерлердің саны: 20 (жиырма) пәтер,
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 2 пәтер, максималды ауданы 53,1 ш. м., құны 12 707 732,7 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 18 пәтер, максималды ауданы 68,7 ш. м., құны 16 441 077,9 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 10 пәтер, максималды ауданы 81,9 ш. м., құны 19 600 062,3 теңгеге дейін;
Брондау мерзімі: 18.12.2024 жылғы сағат 10:00-ден 24.12.2024 жылғы сағат 23:00-ге дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
"Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!