Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "Ақмола обл, Бұланды ауд, Макинск қал, З. Космодемьянской ЗБ көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы", нысанның коды 2108.
орналасқан мекен-жайы: Ақмола обл, Бұланды ауд, Макинск қал, З. Космодемьянской көш, ЗБ
Құрылысты аяқтаудың мерзімі: 28.09.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 17 пәтер,
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 17 пәтер, ең үлкен ауданы 29,34 ш.м.;
Пул қалыптастырусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 03.04.2023ж. бастап 24.04.2023ж дейін.
Броньдау кезеңі 03.04.2023ж. 10-00с. бастап 24.04.2023ж. 23-00с. дейін
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын ,ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!