Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 17 жер телім, 9 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панельді тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1826».
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 118 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың мамыр айының 19.
Броньдау кезеңі "19" мамыр 2022 ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.
Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: объектіге өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!