Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы өтінім беру мерзімін кейінге шегеру бойынша хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: «Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қал., Иманова көш, 18 үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй», нысанның коды 1806.
Орналасқан мекен-жайы: Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қал., Иманова көш., 18 үй.
Құрылысты аяқтау мерзімі: 28.05.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, «таза» әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 1 пәтер.
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 1 пәтер, ең үлкен ауданы 35,7 ш.м.;
Пул қалыптастырусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 17.04.2023ж. бастап 21.04.2023ж дейін.
Броньдау кезеңі 17.04.2023ж. 10-00с. бастап 21.04.2023ж. 19-00с. дейін
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын ,ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.