Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 15 жер телім, 1 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панельді тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 2141».
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың қараша айында
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 19 желтоқсаннан бастап 2022 жылдың 28 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 29 желтоқсан 2022 жыл.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын, Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!