Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: " Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №4 ш/а, 20 ДЕЖИ үй «9 қабатты тұрғын үй» мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 12.2020 жыл.
1-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 130 000 теңге, 8- ден 9-ға қабатқа дейін
1-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 140 000 теңге, 1- ден 7-ші қабатқа дейін
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 7 пәтер, ең үлкен аумағы 41,0 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 24 пәтер, ең үлкен аумағы 41,0 ш.м.,
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 29.12.2022 ж. бастап 05.01.2023 ж. дейін.
Брондау мерзімі 29.12.2022 10-00 бастап (Астана қаласының уақыты бойынша) 05.01.2023 жылға сағат 23-00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы таңдалған пәтер құнының белгіленген сомасы бар болған кезде қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан қабылданады және кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Берілген өтініштерді пулға / тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында көруге болады Otbasybank.kz. және / немесе www.hcsbk.kz "Қолжетімді баспана"бөлімінде.