Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: " Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №4 ш/а, 20 ДЕЖИ үй «9 қабатты тұрғын үй» мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 12.2020 жыл.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.01.2022ж. бастап 31.01.2022 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 01.02.2022 ж.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің жинақ шотында таңдаған тұрғын үй құнының кемінде 20%, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда несие беру мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасын, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz. және / немесе www.hcsbk.kz "Қолжетімді баспана"бөлімінде көруге болады.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!