Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: "Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты №51,№59,№60 тұрғын үйлер салу",Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, "Тұран" шағын ауданымекенжайы бойынша орналасқан, код №1761.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: маусым 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.
Пәтер саны: 3,
Пәтер түрі 3-бөлмелі, 6- пәтер, ең үлкен аумағы 77,74 ш.м.,
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.07.2022 ж. бастап 01.08.2022 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 02.08.2022 жыл.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.